05
март
2024
“Алматыкітап” баспасы, “TopIQ” электронды оқулық платформасы әзірлеген 5-сыныптың қазақ тілі оқулығын оқушыларыммен бірлесе қарай отырып, сабақ өткіздік.🖥️ 📝
Платформаға енгізілген тапсырмалардың барлығы да тақырыпқа сәйкес тиянақты берілген. Деңгейлік, сарамандық, тест тапсырмаларын шеше отырып, алған білімдерін баланың өзі тексеріп, білімдерін нақты бағалайтыны оқушыларға да, маған да қатты ұнады.Тағы бір айта кететін ұтымды тұсы, тілдік бағдар бойынша грамматикалық тапсырмалар көбірек берілген екен. Сонымен қатар, жаңа тақырыпты өтер кезде видеоматериалдар, сұрақтар қою арқылы оқушының жаңа тақырыпты өздерінің болжауы.
Осы жерде айта кеткім келетіні, академик ҚАНИПА ОМАРҒАЛИҚЫЗЫ БІТІБАЕВАНЫҢ
«Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясын басшылыққа ала отырып жасады деп ойлаймын. Хан апамыз «Ой салу – ұстаздан, ойлану – шәкірттен»- дейді..
Иә, менің ойымша, платформада әзірленген электронды оқулық өте тиянақты, әрі ыңғайлы жасалған.
Семинар соңында осы кітаптың авторлары МҰХАМЕДИЯРОВА МАЙРАШ КӨБЕНҚЫЗЫ, ТЕРЛІКБАЕВА САЛТАНАТ ЗЕЙНЕЛҚЫЗЫ академик ҚАНИПА БІТІБАЕВА атындағы атаулы зертханаға арнайы келіп саяхат жасады. Жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіріп, тамаша тілектерін жазып кетті.
Осы электронды оқулықтың тағы бір авторы гимназиямыздың директоры МАЛҒАЖДАРОВА ЖАНАТ ЗЕЙНЕЛҚЫЗЫ екенін мақтанышпен атап айтқым келеді.👏 Сіздерге мықты денсаулық, отбасы бақыты мен шығармашылық табыс тілеймін!📚🖥️
ссылка1
ссылка2Осы жерде айта кеткім келетіні, академик ҚАНИПА ОМАРҒАЛИҚЫЗЫ БІТІБАЕВАНЫҢ