"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » 05.03.2024 жыл Ы.Алтынсарин атындағы 37 гимназияда “Электронды қазақ тілі: тиімділік, жаңашылдық, жаңа мүмкіндік” атты қалалық семинар өтті.
05
март
2024

05.03.2024 жыл Ы.Алтынсарин атындағы 37 гимназияда “Электронды қазақ тілі: тиімділік, жаңашылдық, жаңа мүмкіндік” атты қалалық семинар өтті.

«№15 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, республикалық “Үздік педагог-2023” байқауының жеңімпазы ТӨЛЕУҚОҢЫР ЖАДЫРА ҚҰНАНБАЙҚЫЗЫ “Алматы кітап” баспасынан жарық көрген 5-сыныпқа арналған “Қазақ тілі” электронды оқулығының таныстырылымы семинарында гимназияның 5”Ә” сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар электронды оқулық ұсынған мол мүмкіндікті пайдаланып, саралау тапсырмасы, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс, деңгейлік тапсырма жасады. Сабақ барысында геймофикация, тиімді платформалар, оқушы үні және “Блум таксономиясының” барлық кезеңдері қамтылды.
Жадыра Құнанбайқызы - Қанипа Бітібаеваның әдістемесін үнемі қолданып, насихаттайтын ұстаз.
Бұл сабақта да 3 Д суреттер, шынайы көрініс, төңкерілген мәтін жұмыстары арқылы Қ.О.Бітібаеваның “Ой тастау, ойланту, ойлау” технологиясын жүзеге асырды. Оқушыларды ойнату арқылы ойланту, өз көзқарасын дәлелді жеткізу, сабақ соңында прогрессті, яғни өз нәтижесін көре алу арқылы сабақтың мақсатына жетті деп ойлаймын.
Ұстаздың сабақта оқушыны бағалау интерфейсі, білім мен іскерлікті бағалау критерийлері, тиімді әдістерді қолдану арқылы оқушының қызығушылығын оятты.
Болашақта да академик, ұлт ұстазы, Қ.О.Бітібаеваның технологиясын қолданатын ұстаздар саны арта түседі деп сенемін.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив