05
март
2024
05.03.2024 жыл Ы.Алтынсарин атындағы 37 гимназияда “Электронды қазақ тілі: тиімділік, жаңашылдық, жаңа мүмкіндік” атты қалалық семинар өтті.
Семинарда N22 лицейдің қазақ тілі мұғалімі, зерттеуші-педагог, магистр НОГАЕВА БАГЖАН МАКАШЕВНА 5 ”Б” сыныбына “Жануарлар әлемі. Синонимдер” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты жүргізудегі ұстаздың мақсаты: электронды оқулықпен жұмыс жүргізудің тиімділігін бақылау. Сабақ үрдісіне электронды оқулықты кіріктіру арқылы, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, аудио, визуалды тапсырмалар арақылы ойлау жүйесін дамытып, сауатты жазуға, сөйлеуге қалыптастыру.
Нәтижесінде сыныптағы оқушылардың барлығы мұғалімнің бағытына ілесе отырып, компьютермен сабақ бойы еш қиындықсыз жұмыс жасады.
Сабақ соңында “Таңдау” әдісі бойынша қатысқан оқушылардың барлығы кері байланыс жасап әрі оқушы өзіне не қызықты, не қиын болғанын айтып берді. Сабақ мақсатына жетті. Сабаққа қатысқан 18 оқушы аудио мәтін, визуалды суреттердің, жұмбақтардың қызықты болғандығын кері байланыс кезінде жазып, айтып берді. Сабаққа қатысқан ұстаздарға ерекше ұнағаны электронды оқулықтың оқушыларға қатты ұнағаны және барлық 18 оқушының сөйлеп кері байланысқа шығуы сабақтың үлкен нәтижесінің көрінісі деп айтып өтті.