05
март
2024
“Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында” 2024 жылғы 5 наурызда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған “Электронды қазақ тілі: тиімділік, жаңашылдық, жаңа мүмкіндік” атты қалалық семинары өтті.
TopIQ платформасындағы 5-сыныпқа арналған “Қазақ тілі” оқулығы негізінде “ Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы” КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Абенова Динар Бектуровна
5 «А» сыныбына қазақ тілінен «Сөздің ауыспалы мағынасы. Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар электронды оқулықта берілген тыңдалым, оқылым, жазылым тапсырмаларын топпен, жұппен, жеке орындады. Грамматикалық жаттығуларды орындау барысында әр тапсырманың қорытындысы бірден көрсетілді. Оқушылар электронды оқулықтағы тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңында сабақтың сәтті өткені туралы кері байланыс берілді.