22
февраль
2025
21-ақпан күні академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның 80 жылдығына орай қашықтықтан “ONLINE” форматта Семей қаласының “Ыбырай Алтынсарин атындағы N37 гимназиясы” КММ-нің математика пәнінің мұғалімдері
Баймаганбет Жадыра Кошербаевна, Сагатбекова Жанар Каликановна “Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туындысы” тақырыбында 11-сыныпқа ашық сабақ керуенін өткізді. Қ.О.Бітібаеваның “Ой тастау, ойланту, ойлау” технологиясын математика сабағында тиімді қолданды. Қ.О.Бітібаеваның өмірі туралы мәліметтер қарастырылып, сабақпен жүйелі байланыс орнатылды. Математика пәнін ұлттық құндылықпен байланыстыра отырып, қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы пәндерімен интеграциялау жүзеге асты.
Сабаққа республикалық Бітібаева зертханасы филиалдарының жетекшілері мен математика пәнінің мұғалімдері және гимназия әкімшілігі қатысты. Сабақ соңында кері байланыс жасалып, ұстаздар өздерінің тамаша пікірлерімен ой бөлісті.