22
апрель
2023
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияcы» КММ-де сәуірдің 21-і күні академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертхананың 10 жылдығына орай
«Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы, ұлт ұстазы- Қанипа Бітібаева» аймақтық семинары өтті. «Қ.О.Бітібаеваның әдебиетті оқытуда инновациялық технологиялары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» бөлімінде «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Толеуконырова Жупар Тлеубековна «Білім сапасын арттыруда заманауи білім трендтерінің маңызы» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныпқа Абай облысы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Қатысушылар Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезовтің қанатты сөздерін таңдау арқылы командаларға бөлініп отырды. Шеберлік сынып барысында «Табысты мектеп қандай болуы керек?, «Командалық жұмыс арқылы білім сапасын қалай арттыруға болады?», «Білім саласындағы бренд, тренд дегенді қалай түсінеміз?», деген сұрақтарға ой тастау арқылы командалық жұмыстар жүргізіліп, «Х,Y,Z,АЛЬФА ұрпақтар» туралы ой бөлісті. Шеберлік сыныпқа қатысушы ұстаздар командасымен «Табысты команда» ойыны арқылы ұстаздардың тобынан құралған командаларда бірлескен жұмыс жүргізілді. Шеберлік сынып соңында «Диалог алаңы» әдісі негізінде «Мектепті оқушылар мен ата-аналар, мектеп ұжымы үшін қалай табысты және тартымды етуге болады?» сұрақ – жауап арқылы кері байланыс жасалып, ұстаздар қауымы шеберлік сынып жұмысына өз бағаларын берді.








