14
январь
2025
13.01.25 күні дене шынықтыру пән бірлестігі “Оқуға құштар мектеп жобасы” аясында
Сәбит Мұқановтың “Қажымұқан” атты кітабын оқып талқылады.Кітапта оның балалық шағы, спортқа келу жолы, әлемнің әртүрлі елдерінде күресіп, жеңіске жеткен сәттері баяндалады. Сондай-ақ, Қажымұқанның патриоттық іс-әрекеттері мен елге деген сүйіспеншілігі, қиын-қыстау заманда халыққа көмек көрсеткені туралы да жазылған.Бұл еңбек Қажымұқанның тек спорттағы жетістіктерін ғана емес, оның рухани және адамгершілік қасиеттерін де ашады. Кітап жас ұрпаққа үлгі боларлықтай, күш-жігер мен табандылықтың символы ретінде оның өмірін таныстырады.

