04
январь
2023
04.01.2023 ж. "Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасы аясында математика пәні бірлестігі Санжар Керімбайдың "Бейсен және болмыс" кітабын оқып, ойларын ортаға салды.
Кітапта қазақ елінің біртуар перзенті, тележурналистика тарланы, өзінің қарапайымдылығымен, адами асыл қасиеттерімен қалың қазақтың есінде қалған – Бейсен Абайұлы Құранбектің болмысы, кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі, өмірінде жазылған естеліктері топтастырылған. Бұл оқырманға кітапты жай ғана оқып қоя салмай, ондағы айтылған ойдың астарын, салмағын түсініп, өзін тануға, болмысқа терең бойлауға мүмкіндік береді.
