10
январь
2023
Физика-информатика пәні бірлестігінде 10 қаңтар күні «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Санжар Керімбайдың «Бейсен және Болмыс» кітабын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Ұстаздар кітапта Бейсен Құранбектің болмысына, оның өнегелі өміріне жан-жақты талдау жасалғандығы, оқырманға кітапты жай ғана оқып қоя салмай, ондағы айтылған ойдың астарын, салмағын түсініп, өзін тануға, Бейсенді тануға, болмысқа терең бойлауға мүмкіндік беретіндігі, сондай-ақ, Бейсен Құранбектің ғибратты ғұмырындағы оқиғалар бүтін бір жас буынға тәрбие берерлік қасиетке ие деп санайтындарын айтып, ойларымен бөлісті, пікір алмасты.
ссылка1