19
март
2024
"Мереке Наурыз - жыл басы" атты сынып сағатында 11В сынып оқушылары орамал тастау ойыны арқылы наурыз жайлы білген, түйгендерін толықтыру,
салт-дәстүрлерді дәріптеу, ауыз әдебиетінің мұраларымен танысу мақсатында, сырға салу, сыңсу, құйрық бауыр асату, өлі-тірі беру сияқты қазақтың жөн-жоралғылары жөнінде сұрақтарға жауап берді. Наурыз тойға шашу шашылып, Қыдыр атаны қарсы алып, Қыдыр атаның батасын алды. Қыдыр ата оқушылар өнерін тамашалап, алғысын білдірді. Оқушылар Наурыз дастархан басында ұлттық тағамдардан дәм татып, наурыз көже ішіп, бір-біріне тілектерін білдірді.
Сынып жетекшісі: Шәріпхан Н.Е.
ссылка1#біртұтастәрбиеСемей
#ұлттықкиімкүнісемей
#22наурызсемей
