19
март
2024
18.03 8-“А” сынып оқушыларымен “Қош келдің, төрлет Наурызым!” атты сынып сағаты өтті.
Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілген тәрбие сағаты барысында оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін айтып, Наурыз мерекесімен құттықтады. “Сен білесің бе?” сұрақ-жауап ойыны арқылы мерекеге байланысты, сондай-ақ халқымыздың салт-дәстүріне байланысты қызықты сұрақтарға жауап берді. Ұлыстың Ұлы күніне орай дастархан жасап, Наурыз көже ішіп, мерекені тойлады.
ссылка1
ссылка1
