19
март
2024
18.03.2024 ж. 10 “а” сыныбында Наурыз мерекесіне орай “ Мереке Наурыз-жыл басы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты:
- Наурыз мейрамы туралы ақпарат беру;
- Оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлер туралы түсінік беру, сезімін ояту, үйрету;
- Ұлттық салт-дәстүрлерді ажырата білу, оқушылардың патриоттық сезімін ояту;
- Оқушыларға салт дәстүрлерді сақтап, оларды құрметтей білу керек екендігін түсіндіру;
Әр адамның бойында ұлттық салт-дәстүр туралы түсінік, ұлттық мақтаныш сезімі, ұлтымыздың мерекелерін құрметтеу, салт-дәстүрді ұстану, қасиеттері болуы маңызды. Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар наурыз мейрамы жайлы білімдерімен бөлісті. Оқушылар топқа бөліну барысында ұлттық салт-дәстүрлер туралы қосымша мәлімет жинап, оларды басқаларға түсіндіріп, қорытынды жасады;
Сынып жетекшісі: Галымова Ж.М.
ссылка1
ссылка2
#БіртұтастәрбиеАбайоблысы
#наурызсемей
