22
апрель
2023
21.04.2023 жылы «Ыбырай алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ-де академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертхананың 10 жылдығына орай өткен
«Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы ұлт ұстазы –Қанипа Бітібаева» аймақтық семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Орынғожина Л.С. мен Нұрғамысова Ш.М. «Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Шеберлік сыныпты бастамас бұрын Қ.О.Бітібаеваның «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары» оқу құралы бойынша: «Ғылыми ізденіске жетелейтін қадамдар мен әдіс-тәсілдер туралы түсінік беріліп, мұғалімдер ғылыми жоба бойынша жеткен жетістіктері туралы айтып өтті.
Тақырыпқа байланысты бейне-таспа көрсетіліп, ұстаздарға мотивация туғызу үшін «Жұлдыздар жарқырап» психологиялық ахуал туғыза отырып, әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың адын алуды қалай жүзеге асыру бағытында қатысушылардың ой-пікірлерін тыңдау мақсатында «WatsApp», «TikTok», «Instagram» желілері арқылы топқа бөлініп оларға:
I топ. «Ғаламтордағы тіл бұзарлықтың алдын алу үшін не істеу керек?»
II топ. «Әлеуметтік желілер-жастар сауаттылығының төмен болуының ең басты әсер етуші факторларының бірі»
III топ. «Әлеуметтік желі-жастар мәдениетін дамытатын құрал» тақырыбында тапсырмалар беріледі. Ойларын айтып, әр топ қызу жұмыс жасады, ПОСТЕР жасау арқылы қорғады.
Шебер сынып соңында «Кері байланыс» жасалып, қатысушылардың пікірлері тыңдалды.