21
апрель
2023
"Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназиясы" КММ-де академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертхананың 10 жылдығына орай өткен
"Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы, ұлт ұстазы-Қанипа Бітібаева" аймақтық семинарда "Т.Аманов атындағы 16 мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Оспанова Ляйля Тоқабайқызы 8-сыныпқа фантастика жанрында жазылған Жүніс Сахиевтің "Қиял мен шындық" бөліміндегі "Дабыл" әңгімесі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жаңа сабаққа өтпес бұрын оқушының сыни ойлауын дамыту мақсатында," Ой тастауға" PISA тапсырмалары бойынша тақырыпқа өту тапсырмасы берілді. Бұдан ары ғалымдар, тілшілер, сарапшылар болып үш топқа бөлінген оқушылар, әңгіменің идеясын ашып, ондағы ұлттық құндылықтарға талдау жасау мақсатында "Ойлантуға" өте жақсы өте білді. Рөлдік ойынға бөлінген оқушылар өз тапсырмаларын қызыға орындады. Топтық жұмыс ретінде тақырыптық кесте толтырып, сабақтың мақсатын аша білді. "Ойлау" бөлімінде 3-2-1 тәсілі бойынша ой бөлісе алды.





