05
апрель
2024
05.04.2024 күні “Сабақты зерттеу — оқу мен оқыту сапасын арттыру кепілі” атты Lesson Study зерттеу топ модераторларының шығармашылық тобының ұйымдастыруымен гимназия ұстаздарына арналған әдістемелік кеңес өткізілді.
Тақырыбы: «Оқушылардың тапсырманы дескрипторлар арқылы орындау дағдыларын арттыру». Жұмыс барысында топтарға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар берілді. 1-топ тапсырманы дескрипторлар арқылы бағаласа, 2-топ дескрипторларсыз бағалап, 3-топ дескрипторларды өздері құрастырды. Бақылаушы топтар жұмыс барысындағы әріптестердің әрекетін бақылап, кері байланыс барысында дескриптор арқылы бағалаудың тиімді екендігіне баса назар аударылып, күтілетін нәтижеге жетуге бағытталған мақсат орындалды. 





