Зерттеу сабағы бастауыш сыныпта
Бастауыш сынып мұғалімдері арасынан құрылған Lesson Study тобы жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізіп жатыр. Зерттеу тақырыбына «Проблемалық оқыту арқылы 2 «Ә» сынып оқушыларының айтылым дағдыларын арттыру» деген тақырып алынған. Алғашқы зерттеу сабағы жаратылыстану пәнінен «Су. Ол қандай екен?» тақырыбында өткізілді. Оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым дағдыларын арттыруға тиімді әсер ететін әдіс-тәсілдер іріктелді. «Мен –зерттеушімін» әдісінде балалар тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерін өздері анықтап, қорытынды жасады. «ПОПС формуласы» әдісінде оқушылар «Судың табиғаттағы маңызы зор» деген тұжырым бойынша өз ойларын білдірді. Әр оқушы өз көзқарастарын фактілермен, мысалдармен дәлелдеуге тырысты.
Сабақ барысында «С» деңгейіндегі оқушы өз ойын шамасы келгенше жеткізуге тырысты, бірақ орысша тілді болғандықтан байланыстырып сөйлеуде қиналады. «В» деңгейіндегі оқушы сабаққа белсене қатысып отырды. «А» деңгейдегі оқушы өз көзқарасын дәлелдеп, өз ойын толық жеткізе алатындығы байқалды.
Топ мүшелері: Чегебаева Ү.Қ, Азаматова Ә.М, Камалова Ә.К, Нұрғабиева Г.Қ, Қайырханова А.С, Түсүпханова С.К.
Зерттеу тақырыбы: Проблемалық оқыту арқылы 2 «Ә» сынып оқушыларының айтылым дағдыларын арттыру.