06
декабрь
2023
Жас ұрпақты адамгершілікке, Отанын сүюге оны қорғауға баулу, Ұлы Отан соғысының тарихымен,
қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту мақсатында Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің ЕРЛІК ПЕН ЕҢБЕК ДАҢҚ бөлімі мекемесі және Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы жанындағы өлкетану музейінің бірлесуімен орта буын оқушыларына арналған танымдық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында соғыс кезіндегі: танкистің бас киімі, офицердің планшеті, дала телефоны, Семей қаласында құрылған 238 гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлері қаза тапқан Алексин қаласынан әкелінген қасиетті топырақ және т.б. тарихи жәдігерлерден тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Семейде құрылған «Қызыл Ту» Орденді 238-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының Мәскеуді 35 тәулік бойы қорғап, 1941 жылдың 15 желтоқсанында Алексин қаласы аумағында фашист әскеріне жойқын тойтарыс берілді. Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлік көрсеткені үшін Семейде құрылған дивизия «Қызыл Ту» орденімен марапатталып, кейіннен дивизияға «гвардиялық» құрметті атағы берілгендігі туралы да айтылды. Сабақ мағыналы да қызықты өтті.
Тарих пәнінің мұғалімі, өлкетану музейінің жетекшісі: Мухамадиева Г.М.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы