"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » «Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі» 2023 жылдың 19 қарашасы күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында
17
ноябрь
2023

«Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі» 2023 жылдың 19 қарашасы күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында

Семей қаласында 1941 жылы құрылған 238 гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлері қаза тапқан Тула облысы Алексин қаласынан әкелінген қасиетті топырақты білім ордасының жанынан ашылған музейге тапсыруға арналған «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа үлгі» тақырыбында іс –шара өткізілді.
Қонақтарға Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Семейде құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып, 238 -ші атқыштар дивизиясы Алексин қаласын неміс-фашист басқыншыларынан азат етіп, Тула бағытындағы Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан. Кейіннен 30-ші гвардиялық дивизия атанғандығы туралы деректер айтылды.
Жерлестеріміз ерлік көрсеткен өлкеден әкелінген топырақ салынған капсуланы тапсыру Семей қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы - Бердикенов Кенжебай Құсманұлына, қабылдау Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының директоры Малгаждарова Жанат Зейнелқызына және «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары мен жетекшісі: Сәрсеков Бейбіт Құсайынұлына берілді.
Семей қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы - Бердикенов Кенжебай Құсманұлы бастап келген ардагерлер мен қонақтар шараның соңында Тула облысы Алексин қаласынан әкелінген қасиетті топырақ табысталған гимназия музейінде болып, өңіріміздің тарихын баяндайтын мәліметтермен танысып, ойларымен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Өткізілген іс-шара тарихи оқиғалардан алыстап бара жатқан жас ұрпақ үшін аса маңызды. Іс шара барысында гимназия оқушылары өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқып, әуезді ән орындады.
ссылка1​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив