23
ноябрь
2022
Бүгін қалалық мәдениет сарайының концерт залында “Жауынгерлік-даңқ” музейінің құнды жәдігерлерін облыстық “Өлкетану” музейіне салтанатты тапсыру рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Салтанатты рәсім барысында 238-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолы туралы деректі фильм көрсетілді, қатысушыларға іздеу жасақтары мен еріктілер ұйымдарының қызметі туралы ақпарат берілді.
Музейге Алексин қаласының Даңқ қорғанынан жер салынған капсула, Тула қаласының бауырлас зиратынан алынған жер, сондай-ақ "Тула қаласында жерленген жауынгерлердің, Қазақстанның тумаларының тізімдері" табыс етілді. Шараның соңында оқушылар мерекелік концерт тамашалады.