Директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметіне конкурс жариялайды
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 0,5 жүктемемен директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметіне конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарына 0,5 жүктеме.
Орналасқан жері: индекс 071400 Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 70, Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70
Электрондық пошталық мекен-жай- Semey_37@mail.ru;
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 15 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.
Лауазымдық міндеттері:
- Гимназия Жарғысына сәйкес 1-11 сыныптарда оқытудың тиімді технологиясын меңгеруде мұғалімдерге басшылық жасау және әдістемелік көмек көрсету.
- Мұғалімдер арасында семинаралар, конференциялар, кәсіби байқаулар ұйымдастыру, мұғалімдердің өз білімін көтеру жұмыстары, мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуын бақылау, басшылық жасау.
- Гимназия бойынша дарынды оқушыларды анықтап, қабілеттерін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық жасау.
- Сабақтан тыс шаралардың жүргізілуіне (пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, пән апталықтары, ашық сабақтар) басшылық жасау, қадағалау және әдістемелік көмек көрсету.
- Пән мұғалімдері арасында рейтингілік мониторинг жүргізу.
- Оқу жоспарының инвариантты және вариативті оқу жүктемелеріндегі 5-11 сыныптардағы информатика, физика, дене шыныктыру, алғашқы әскери дайындық пәні бойынша орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалуына бақылау, басшылық жасаужәне пән бойынша оқу кабинетінің талапқа сай болуын қадағалау.
- Іс-тәжірибеден өтетін машықкерлер жұмысын ұйымдастыру, бақылау жасау.
- Оқу-әдістемелік базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз ету, ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастыру, талдау, эксперименттік жұмыстардың нәтижесін қорытындылау.
- Онлайн-мектеп платформасымен жұмысты гимназия директорының шетел тілдерін оқыту жөніндегі орынбасарымен бірлесе жүргізу,басшылықта ұстау.
- Қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, мұғалімдерге бейнесабақтарды әзірлеуде әдістемелік көмек ұйымдастыру.
- Алғашқы әскери дайындық кафедрасымен қажетті жұмыстарды ұйымдастыру. Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жұмыстарына басшылық жасау.
Азаматтық қорғаныс құжаттарының жүргізілуі.
- Әрбір аптаның бейсенбі күндері гимназия бойынша кезекші әкімшілікке байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және басшылық, бақылау жасау.
Білуі тиіс:
ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", заңдарын және басқа да бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Педагогика мен психология негіздерін, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын. Педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін. Менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын. Санитарлық ережелер мен нормаларды. ҚР Еңбек кодексін.Сондай-ақ, директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сонымен қатар №37 гимназия жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолдануда тиімді тәсілдерді меңгеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасарында жоғары педагогикалық бiлiм және 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиiс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.
Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.