10
сентябрь
2020
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2020 жылдың 21 тамыз күнгі №1254 қаулысы негізінде «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласының №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылуына байланысты барлық ұжым мүшелерін
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!
Өскелең ұрпақты оқытуда және тәрбиелеуде сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, бақыт және еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін! Сіздердің балаға деген сүйіспеншіліктеріңіз, оқытуға және оқуға деген талпыныстарыңыз, жасампаздыққа, кәсіби шеберліктің жаңа шыңдарын бағындыруға деген ұмтылыстарыңыз ешқашан сарқылмай, жаңа мазмұндағы білім жүйесін гимназия өміріне енгізуде әрбір педагогтың жаңару процесіне ерекше көңіл бөліп, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға қалыптастыру жұмыстарына бағыт-бағдар беру ісіндегі еңбектеріңіз табысты болсын!



