"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне конкурс
09
август
2021

Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне конкурс

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметіне конкурс   жариялайды.

          Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының  тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.

Орналасқан жері: индекс 071400   Семей қаласы, Шәкәрім  даңғылы, 70,   Байланыс номері:  8-722-2-52-39-70

Электрондық пошталық мекен-жай-  Semey_37@mail.ru;

Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі- конкурсқа қатысуға қажетті өтінім  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласының білім бөлімі» ММ-нің және  «ШҚО бойынша Семей қаласы білім бөлімі» ММ-нің  «Ыбырай Алтынсарин атындағы  №37 гимназия» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама   жариялаған  күннен бастап 15 күнтізбелік  күнде жүзеге  асырылады.

         Лауазымдық міндеттері:  

         1.  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттер атқарады:

3.1.    Талдау жасайды:

•    тәрбие процесінің проблемаларына;

•    тәрбие жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелілігіне;

•    №37 гимназия тәрбие жұмыстары саласындағы жай-күйі мен перспективалық мүмкіндіктеріне;

•    оқушыларға дер кезінде әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп отыру мақсатымен олардың тұрмыс жағдайына, талап-тілектеріне, проблемаларына;

•    мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің тәрбие ісі саласындағы кәсіби біліктілігі деңгейіне;

•    оқушылардың тәрбиелілік жағдайына;

•    №37 гимназия алдындағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға педагогика ұжымының даярлығына.

3.2.   Қандай да бір тәрбиелік шараларды жүргізудің тиімділігіне болжам жасайды.

3.3.   Әзірлейді және белгілейді:

•    үйірмелер мен қосымша білім беру пәндеріне арнап "СанПиНомға" және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес оқу сабақтарының кестесін;

•    №37 гимназия тәрбие жұмыстарының кешенді-мақсатты бағдарламасын;

•    өз міндеттеріне сәйкес №37 гимназия бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобаларын;

•    өз жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын;

•    оқушыларға тәрбие беру жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру бағытында жоспарлар;

•    мәдени-тәрбиелік шаралар әзірлеп, оларды өткізу жұмыстарын;

•    өз міндеттеріне сәйкес№37 гимназия  тәрбие қызметінің мәселелері бойынша есеп беру құжаттарын және анықтамалық материалдар;

•    №37 гимназия дамыту бағдарламасының жекелеген фрагменттерін, өзге де стратегиялық құжаттарды.

3.4.   Жоспарлайды және ұйымдастырады:

•    №37 гимназия тәрбие жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберліктерін арттыруды;

•    №37 гимназия тәрбие жұмыстарын;

•    аға вожатыйлардың, сынып жетекшілерінің, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша қосымша білім беру педагогтарының қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды;

•    сенбіліктер, "таза бейсенбіліктер", сыныптан тыс шаралар өткізуді;

•    оқушылар арасындағы тәрбие жұмыстарының мазмұны мен технологиясы туралы мәселелер бойынша педагогикалық ұжымда өткізілетін әдістемелік оқуларды;

•    оқушылардың ата-аналарымен, жалпы мектептік ата-аналар комитетімен жүргізілетін жұмыстарды;

•    "Табиғаттың жас достары", "Жол қозғалысының жас инспекторлары", наркологиялық посттар, экологиялық патрульдер жұмысын, СПИД-тің алдын алу жөніндегі жұмыстарды;

•    №37 гимназия   оның территориясын көріктендіру жөніндегі жұмыстарды;

•    "қиын" оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды, балаларды қадағалау органымен және қоғамдық ұйымдармен байланысты;

•    жарыстарды, экскурсияларды, мейрамдарды;

•    сынып жетекшілерінің, қосымша білім беру, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша мұғалімдердің қызметін;

•    оқушыларға қосымша білім берудің авторлық және бейімбелген бағдарламаларын жасауда мұғалімдерге көмек көрсетуді;

•    тәрбие жұмыстарының мазмұнын, формасын және әдістерін;

•    сыныптан тыс жұмыстарға қатысты оқу-материалдық базаларын нығайту жөніндегі жұмыстарды.

3.5.   Қамтамасыз етеді:

•    №37 гимназия құрылымдарының ата-аналар комитетімен, тиісті комиссиялармен, қамқоршылар кеңесімен т. б. өзара әрекеттестігін;

•    білім беру жүйесіндегі тәрбие процестерін ұйымдастыруда жаңа тәсілдердің қолданылуын;

•    тәрбие процесінде қолданылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін;

•    физикалық тәрбие, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық, салауатты өмір салты процестерінің үйлесімді дамуын;

•    өз міндеттеріне сәйкес жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының, мүдделерінің ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалуын;

•    оқушылардың сыртқы көрінісі мен бірыңғай №37 гимназия формасы бойынша қойылатын талаптардың орындалуын;

•    мұғалімдердің үзілістерде белгіленген график бойынша кезекшілік етуін;

•    оқушылардың таңертеңгілік сапқа тұруы (линейкасы) директор бекіткен график бойынша өткізілуін.

3.6.   Басқарады:

•    №37 гимназия моральдық-психологиялық қолайлы климат жасау жөніндегі жұмыстарды;

•    №37 гимназия көріктендіру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды.

3.7.   Бақылау жасайды:

•    тәрбие беру процесінің сапасына бақылау жасайды, оқушылардың сынып сағаттарына және басқа да мәдени-тәрбиелік шараларға (оқу жылында 150–180 сағаттан кем емес) қатысады;

•    сынып жетекшілерін курстық даярлау және қайта даярлау жоспарының орындалуына;

•    үйірмелер, секциялар жұмысына және №37 гимназия қызметкерлері атқаратын басқа да тәрбиелік ұйымдастыру жұмыстарына;

•    мінез-құлқында ауытқулары бар балалармен жеке жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға;

•    сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына;

•    психологтың орта буын және аға буын оқушылармен жүргізетін жұмыстарына;

•    №37 гимназия әлеуметтік және полицейлік қызметке;

•    әскери-патриоттық тәрбиеге;

•    қосымша білім беру сабақтарына аналған санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына;

•    сыныптарда тәрбие жұмыстары жөніндегі құжаттамалардың, сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне;

•    өз міндеттеріне сәйкес№37 гимназия  тәрбие процесін дамыту саласы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына.

3.8.   Үйлестіреді (және көмектеседі):

•    сынып жетекшілерінің оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша атқаратын қызметін;

•    тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу, №37 гимназия жалпы мектептік мәдени-тәрбие шараларын өткізу жөніндегі жұмыстарды;

•    тәрбие процестерін қамтамасыз ететін№37 гимназия  әкімшіліктері, қызмет орындары және бөлімшелері өкілдерінің қоғамдық және құқық қорғау органдарының, ата-аналардың, ата-аналар комитетінің өкілдерімен өзара әрекеттестігін.

•    №37 гимназия экологиялық патрулі қызметін.

3.9.   Бағалайды, сараптайды:

•    №37 гимназия оқушылары арасында болған жазатайым оқиға жағдайларын;

•    өз міндеттеріне сәйкес оқушыларға тәрбие беру мәселесі бойынша №37 гимназия стратегиялық құжаттарын;

•    сынып жетекшілері тарапынан оқушылар арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасын;

•    сынып жетекшілерінің оқу тәрбие процесін жетілдіруге байланысты ұсыныстарын.

3.10. Кеңес береді:

•    мұғалімдер мен ата-аналарға №37 гимназия тәрбие процесінің мәселелері бойынша;

•    мұғалімдер мен ата-аналарға оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша.

3.11.  Баспаға дайындалатын оқу-тәрбие процесі жөніндегі материалдарды – сынып сағаттарының әдістемелік әзірлемелерін, зерттеулер мен эксперименттер нәтижелерін т. б. редакциялайды, түзетеді.

3.12. Хабардар етеді:

•    әкімшілікті және мұғалімдерді №37 гимназия тәрбие процесіндегі, білім беру жүйесіндегі мәселелер жөнінде;

•    өз міндеттеріне сәйкес№37 гимназия  кітапханалық, полицейлік, әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарын тәрбие процесінің мәселелері жөнінде.

3.13. Тыйым салады:

•    мәдени-тәрбие шараларын өткізу кезінде типтік тізбелерде қарастырылмаған жабдықтар мен приборларды, соның ішінде қолдан жасалған заттарды пайдалануға;

•    №37 гимназия орын-жайларында оқушылар мен қызметкерлер денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар пайда болса, ол жерлерде білім беру процесінің жүргізілуіне.

3.14. Қатысады:

•    педагогикалық кеңестер жұмысына;

•    жоғары орындар ұйымдастырып, өткізетін кеңестер, семинарлар, конференциялар, тренингтер жұмысына, "дөңгелек стол" отырыстарына және басқа шараларға;

•    тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуге;

•    оқушылар контингентін жасақтауға;

•    №37 гимназия педагогтары мен өзге де қызметкерлерін аттестаттауға әзірлеу және оны өткізу ісіне.

3.15. Жетекшілік етеді:

•    кәмелетке толмағандардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын әлеуметтік қорғау ісіне;

•    сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына;

•    аға вожатый, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогтары мен полиция өкілі жұмыстарына;

•    №37 гимназия балалар мен жастар ұйымдары қызметіне;

•    кітапхана қызметіне.


Білуі тиіс:

ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы",  заңдарын және басқа да бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Педагогика мен психология негіздерін, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын. Педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін. Менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын. Санитарлық ережелер мен нормаларды. ҚР Еңбек кодексін.Сондай-ақ, директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сонымен қатар №37 гимназия жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолдануда тиімді тәсілдерді меңгеруі тиіс.

           Біліктілікке қойылатын талаптар: Директордың тәрбие   жөніндегі орынбасарында жоғары педагогикалық бiлiм және 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиiс.

               Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

           2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

         3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

        4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы    құжаттардың көшірмелерін;

           5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

         6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

         Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

       Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив