"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » 1 қыркүйек Білім күні «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты мерекелік жиын өтті.
01
сентябрь
2024

1 қыркүйек Білім күні «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты мерекелік жиын өтті.

«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына гимназияның 1 және 11-сыныптары шақырылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне құрмет көрсетіп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туын көтеріп, Мемлекеттік Гимн орындалды.
Қазақстан Республикасы Конституциясы күнінің 30 жылдығы мерекесімен құттықтады.
Салтанатты шараның қонақтары – Абай облысының Білім басқармасы басшысы Ахметкалиев Нұржан Нығметоллаұлы және ардагер ұстаз Кәрібаева Күлгайша Дікенқызы.
Алғашқы құттықтау сөзді Нұржан Нығметоллаұлы алып, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік құттықтау сөз гимназия директоры Жанат Зейнелқызына беріліп, директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұргүл Серікқалиқызы гимназия директорының бұйрығын оқыды.
Гимназияның «Балауса» бишілер тобы «Қазақ биі» музыкалық сәлемін жолдап, мектеп табалдырығын жүрексіне аттап, білім көкжиегіне қанат қаққалы тұрған жас бүлдіршіндер – 1-сынып оқушылары өлең жолдарымен құттықтауларын жолдап, 1-сынып оқушысы Бектемиров Сұлтан әнмен шашу шашты.
Осы бір толқулы сын сағаттардың қатарында жас бүлдіршіндей мектеп табалдырығын «Жас сарбаз» деген атпен аттағалы отырған, болашағы жарқын, сауатты да білгір, жаны жаңалыққа құмар сарбаздар сыныбы араға 4 жыл салып барып, екінші рет ашылып отыр.
«Алғашқы қоңырау» мерекесінде жас буын 1-сынып бүлдіршіндеріне «Алтын белгіге» үміткер 11-сынып түлектері Ертай Еңлік, Закимова Аружан, Серікқазы Ақарыс «Білім кілтін» табыстады. 1-сынып оқушысы және «Жас сарбаздар» сыныбының оқушылары алтын кілтті қабылдап алды.
Қазақтың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ілімімен 10-сыныптың оқушылары «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін оқып, жалынды жас өрендерімізді оқу-білімге шақырды.
«Алғашқы қоңырауды» соғу құрметі 11-сынып түлектері және 1-сынып оқушыларына тапсырылды. Ардагер ұстаз Кәрібаева Күлғайшы Дікенқызы және 1-сынып оқушылары Білім ордасының есігін салтанатпен ашып, лента кесіп, 1 сынып жетекшілері шәкірттерімен бірге гимназия төріне өтті.
@abai_bilim_basqarmasy @semey_bilim_bolimi 
ссылка1
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив