01
сентябрь
2023
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ-де “Мектебім-мейірім мекені” тақырыбында алғашқы қоңырау салтанаты өтті.
Биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа 153 оқушы қабылданды. Салтанатты іс шарада әдеби монтаж, Балауса би тобының әсем биі және гимназиямыздың мақтаныштары “Өнерге қанат қаққандар” үйірмесінің әншілері өнер көрсетті. Сонымен қатар, Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды. Аталмыш шараға ардагер ұстаздар К.Д.Кәрібаева, Н.Б. Серекбаева және «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Исабаева Айнур Сергалиевна және Абай облысының маслихатының депутаты Касенов Қуаныш Аманбекұлы қатысып, оқу жылының басталуымен құттықтай отыра жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиын бірыңғай тәрбие сағаттарымен жалғасын тапты.
@oqu_agartu_ministrligi @abai_bilim_basqarmasy @semey_bilim_bolimi
ссылка1Салтанатты жиын бірыңғай тәрбие сағаттарымен жалғасын тапты.
@oqu_agartu_ministrligi @abai_bilim_basqarmasy @semey_bilim_bolimi
