"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Бәтташ Сыдықұлының құрметіне арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты
18
январь
2020

Бәтташ Сыдықұлының құрметіне арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты







Бүгінгі күн 17 қаңтар біз үшін ерекше және айтулы күн. 90 – жылдары Семей қаласында тек қазақ тілінде оқытатын мектептер жоққа тән еді. Сол жылдары атаулы білім ордасын ашуға зор үлес қосқан облыстық «Қазақ тілі қоғамы» төрағасының орынбасары, Абай ауданында аудандық партия комитетінің хатшысы, Семей облыстық телерадио комитетінің төрағасы, Семей қаласының Абай ауданының «Құрметті азаматы» халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жоғары наградасы, «Ана тілінің айбары» белгісінің иегері, Қазақстанның оқу –ағарту ісінің озаты, Бәтташ Сыдықұлының құрметіне арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиында Семей қаласы әкімінің орынбасары Сабырбаев Айдар Серікқазыұлы бірінші болып құттықтау сөз сөйледі. Екінші Бәтташ Сыдықұлының өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихаттап, ағалық жолын дара жолға айналдырған, бүгінгі кешті ұйымдастыруға бірден-бір үлес қосқан туған інісі Хамит Сыдықұлы сөз сөйлеп, Бәтташ ағамыздың өткен өмірінен құнды естеліктер айтты. 2016 жылы гимназияда ашылған Бәтташ Сыдықұлы атындағы «Шешендік сөз өнері» орталығының мүшесі 11 – сынып оқушысы Аспандиярова Гүлім арнау өлең оқыды. Салтанатты жиынның бірінші бөлімінің қорытындысында гимназия директоры Жанат Зейнелқызы сөз алып, барша қонақтарды тарихи сәттің куәсі болуға гимназия алаңына шақырды. Гимназия қабырғасына ортатылған ескерткіш тақтаның лента кесу рәсімінде құттықтау сөз Халықаралық «Қазақ тілі қоғамының Вице-Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Халықаралық «Ана тілі» газетінің тілшісі Шәріпбаев Орал Тоқтарұлы құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты іс-шарда "Сыдықовтар" әулеті және Бәтташ ағаның көзін көрген қазақ жұртына танымал игі жақсылар бас қосты. Осындай игілікті істердің куәсі болған гимназия қабырғасынан білім алған оқушылардың болашағы жарқын болуына шын жүректен тілек білдіреміз!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив