29
август
2024
Бүгін “Бейбітшілік аралында” қала жұртшылығының қатысуымен дәстүрлі «Бейбітшілік акциясы» өтті.
Шараға «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысып, қонақтар «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов ядролық қарусыздану жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау жолындағы маңызды қадам болғандығын айтып өтті.
Шара аясында халықаралық ядролық қару, сынаққа қарсы балалар шығармашылығынан көрме ұйымдастырылып, халық көрмені тамашалап өтті.
Семей полигоны осыдан 33 жыл бұрын, 1991 жылы 29 тамызда жабылып, Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартқан ел болды. Біз оны үлкен мақтанышпен айта аламыз. 37 гимназия ұстаздары да шараның куәсі болып қайтты.