15
июнь
2023
Дәрігер деген – ең ұлы әрі қастерлі мамандық.Бүгінде бүкіл әлем жұртшылығы осынау маңызды мамандық иелерінің көмегіне мұқтаж болып, соларға сенім артуда.
«NOVARTIS» компаниясының қолдауымен Ыбырай Алтынарин атындағы №37 гимназия педагогтарына сүт безі обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша көшпелі дәрістер өткізілді. Сондай-ақ, орталықтың онкологтары портативті жабдықты пайдалана отырып, мектептің барлық ұстаздарына тегін сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуі мен маммолог консультациясын жүргізді. PhD докторы, Семей ядролық медицина және онкология орталығы директордың даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары, Абай облысының штаттан тыс бас онкологы Жабагин Қуантқан Талғатұлы, Семей онкология орталығының маммогинекология бөлімінің меңгерушісі Құрманғалиев Төлеген Сабитұлы бастаған ұжым мүшелеріне «Ыбырай Алтынарин атындағы № 37 гимназиясы» ұстаздар қауымы атынан алғысымызды жеткіземіз! Еліміздің салауатты өмір сүруіне қосқан үлестеріңізге РАХМЕТ. Емделушілерге жан жылуын шынайы көңілдерін арнап жүрген ақ халатты абзал жанға амандық, еңбектеріне табыс тілейміз.
ссылка1