ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС
Күн тәртібінде:
1. 10 сынып оқушыларының бағдарлы сыныптарға бейімделуі.
2. 4, 9 сыныптардағы ББЖМ-ға дайындық барысы.
3. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру
- шығармашылық бағыт
- спорттық бағыт
4. Әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілерінің бірлескен жұмыстары.
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша 10 сынып оқушыларының бағдарлы сыныптарға бейімделуі туралы директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.М.Жумаксанова сөйледі. 10 А, 10 Ә,10 Б,10 В сыныптарында үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында пән мұғалімдеріне өте үлкен жұмыстар жүргізу қажетігіне тоқталды. Былтырғы жоғарғы бағаларына қол жеткізу мақсатында қосымша сабақтар жүруі қажет екені айтылды.
2-ші мәселе бойынша директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н.С.Датбаева мен Г.М.Жумаксанова Қосымша сабақтарда оқушылар жіберілген олқылықтармен жұмыстар жасап,тест жұмыстарымен талдаулар жасалып, пән мұғалімдері қосымша жан-жақты жұмыстар жасағандығын айтты. Алдағы уақытта 9 сынып оқушыларының дайындығының сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жан жақты жүргізіле береді деп қорытындылады.
3-ші мәселе бойынша қосымша білім беру педагогы Н.М.Дәулетхан гимназия бойынша 13 үйірме, 9 спорттық секциялар, 8 клублардың жұмыстарына тоқталып өтті.
4-ші мәселе бойынша әлеуметтік педагог М.Ж.Сайлауғазина жоспар бойынша сынып жетекшілермен бірігіп алдағы уақытта Сынып бойынша отбасының диагностикалық картасын жасақтау (бір, екі, үш одан да көп балалы отбасы балаларының тізімі), 1 және 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін психологиялық – әлеуметтік қолдау, оқушыларға жүргізілген диагностикалық жұмыстың нәтижелерін сынып жетекшілермен таныстыру, өгей әкелермен тұратын оқушылармен жұмыстар жоспар бойынша жүргізіліп отырғандығына тоқталды.
Қорытындылай келе төмендегідей қаулы қабылданды.
1. Бағдарлы 10 сыныптарда негізгі пәндерден сабақ беретін пән мұғалімдеріне олқылықтарымен және ҰБТ нысанына дайындық жұмыстары күшейтіліп, оқушылардың білімін бағалау нақты болуын қадағалау тапсырылсын.
2. 4 сыныптардың математика, оқу сауаттылығы, жаратылыстану пәні, 9 сыныптардың жаратылыстану, математика,физика,қазақ,орыс,ағылшын тілі пән мұғалімдері оқушылармен қосымша жұмыстарды жалғастырып, ББЖМ білім сапасын жақсарту мақсатында дайындық жұмыстары күшейтілсін.
3. ББЖМ кезінде техниканың сапалы және талапқа сай болуын қадағалау Р.О.Кармысоваға тапсырылсын.
4. Үйірме, клуб, спорт секциясының жұмысы жандандырылып, оқушылардың қысқы демалыс жұмыстары ұйымдастырылсын.
5. Әлеуметтік педагогтың сынып жетекшілерімен бірлескен жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
ссылка1