Директор жанындағы кеңес
Күн тәртібінде:
- Гимназия бітіруші 11 сынып оқушыларының қорытынды аттесттауға дайындығы
- Үйден және инклюзивті оқитын оқушылардың пәндерден бағдарлама бойынша білім алуын және құжаттарын бақылау
- Парламент және «Жас Ұлан» ұйымының жұмысы
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша гимназия директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Г.М.Жумаксанова сөйледі. 11 сыныптар бойынша қорытынды аттестаттауда тапсыратын пәндер мен таңдау пәндеріне тоқталып , қазіргі таңдағы дайындықтарының жақсы екендігін баса атап өтті. Сонымен бірге қаңтар, ақпан, наурыз айларындағы оқушылардың тапсырған ҰБТ сынағының қорытындысымен таныстырды.
2-ші мәселе бойынша гимназия директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.М. Жумаксанова мен Н.С.Датбаева үйден оқитын және ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмысты ұйымдастыру барысында жүргізілген жұмыстарға тоқталды.
3-ші мәселе бойынша гимназиядағы парламент жетекшісі Р.С.Кәрібаев пен тәлімгер Б.Қ.Мәмиева гимназия бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Парламент және «Жас Ұлан» ұйымдарының жоспарымен және құрылымымен таныстырды. Атқалып жатқан жұмыстарын қорытындылай келе «SWOT» талдау жасалынып, күшті және әлсіз жақтарына тоқталып өтті. ДЖК қорытындылай келе төмендегідей қаулы қабылданды:
1. 11 сыныптардың пән мұғалімдері оқушылармен қосымша жұмыстарды жалғастырып, қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары күшейтілсін.
2. Оқушылардың сұранысы бойынша ҰБТ нысанында олқылықтармен дайындық жұмыстары жандандырылсын.
3.2022-2023 оқу жылындағы үйден оқитын және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жоспар бойынша жүргізіліп, даму динамикасының өзгерістерін бақылау пән мұғалімдеріне,сынып жетекшілеріне, педагог-психолог және әлеуметтік педагогқа жүктелсін.
4. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың біліміндегі олқылықтар орнын толтыру пән мұғалімдеріне тапсырылсын.
5. Білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуге бағытталған жұмыстарды жандандыру парламент жетекшісі Р.С.Кәрібаевқа тапсырылсын.
6. «Жас Қыран» ұйымының жұмысына назар аударып, сынып белсенділерімен, қоғамдық бірлестіктермен бірлескен жұмысты жандандыру тәлімгер Б.Қ.Мәмиеваға тапсырылсын.