20
октябрь
2023
Ұлытау өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған еді.
Осылайша, елімізде біраз уақыт бойы ұмыт қалған мереке қайта жаңғырды. 1990 жылы 25 қазанда еліміздің егемендігі жайлы декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның төрткүл дүниеге танылып, әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құруына жол ашты.
2023 жылдың 20 қазанында Республика күніне орай тарих бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен білім ордамызда өткізілген іс-шараны өзінің құттықтау сөзімен гимназия директоры Ж.З.Малгаждарова ашты. Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы Декларациясының маңыздылығы туралы тарих пәнінің мұғалімі: Қ.А.Оразалин мәліметтер бере кетті.
Салтанатты іс-шара барысында сонымен қатар, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ерен еңбектері сіңген бірқатар ұстаздарымыз Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың Алғыс хатымен және Абай облыстық білім басқармасының басшысы Н.Ахметқалиевтің Алғыс хатымен марапатталды.
Әдемі шараның аясында 10-11 сынып оқушылары: Тұрлыбек Еркежан, Досжан Аяжан өз шығармашылықтарынан өлеңнен жыр арнады, музыка пәнінің мұғалімі: Райхан Мырзахметқызының сүйемелдеуімен «Жалын» тобының әншілері: Мұхтар Нурали, Жолбарысов Санжар, Қасенғазы Нұрым, Төлегенұлы Алдияр «Қазақстаным» әнімен әннен шашу шашты.
Республика күнінің мемлекеттік атаулы күн ретінде тойлануы ұстаздар мен оқушылардың бойындағы патриоттық сезімін оятып, рухын көтерді.
Тарих бірлестігі
ссылка1 2023 жылдың 20 қазанында Республика күніне орай тарих бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен білім ордамызда өткізілген іс-шараны өзінің құттықтау сөзімен гимназия директоры Ж.З.Малгаждарова ашты. Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы Декларациясының маңыздылығы туралы тарих пәнінің мұғалімі: Қ.А.Оразалин мәліметтер бере кетті.