21
октябрь
2022
Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді. 25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік іс - шараға сәйкес "Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы"КММ -де, 10 "Б" сынып оқушыларымен "Жаңа Қазақстан - жарқын болашақ" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Кері байланыс кезінде оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етіп, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтіндіктерін керемет сезіммен баяндауларын ерекше атап өтуге болады. Біздің еліміздің, Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының саналы да парасаты азаматтары болып қалыптасатынына сенеміз!






