"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды.
16
февраль
2023

XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды.

Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Халел Ғаббасов сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды. «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстарының арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан еді. Ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Алаш арыстары қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлы мұрат жолында ұлан-ғайыр қайрат көрсетті. Бүгінде еркіндікке қол жеткізген тәуелсіз Қазақстан - әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 05.01.2021 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында айтылған тапсырмалар тізбесінің 2 – тармағын орындау бойынша және Алаш арыстарының асыл мұрасын игеруді жалғастыру мақсатында «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімдері: Оразалин Қ. А., Жумаксанова Г. М., Мухамадиева Г. М., Жарылгасинова Ж.Г., Галымова Ж. М., Абсеметова Қ.Ж., Амангелді М. Ж «Бірыңғай тарих сабағы» іс -шарасы негізінде 7-11 сынып оқушыларымен «Алаш арысы – Халел Ғаббасов(туғанына 135 жыл)» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар Алаш арысының өмірбаяны, алғашқы еңбектегі қызмет жолы, «Алаш» партиясын қайраткері тұсындағы қазақ халқының мүддесі үшін жасаған ерен еңбегі, тағдыры жайлы бейнематериалды көріп, Халел Ғаббасов жайлы оқыған деректері бойынша өз ойларымен бөлісті. Өткізілген бірыңғай тарих сабағы барысында оқушылар білімдерін шыңдап, үлкен әсер алып шықты.
#37gymnasiumsemey
#abaybiryngaytarihsabagy








XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив