17
ноябрь
2022
17.11.2022 күні педагогикалық кеңес өтті.
⬇️Күн тәртібінде:
🔹1. Оқу және тәрбие жұмыстарының І тоқсандағы қорытындысы.
🔹2. Білімдегі олқылықтарды жою бағытындағы тиімді әдіс-тәсілдері.
🔹3. Біліктілікті арттыру курстары – шеберлікті шыңдаудың негізгі көзі.
✅✅✅Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары В.Е.Азизова 2022-2023 оқу жылындағы І тоқсан бойынша оқушылардың қозғалысы және үлгеріміне және гимназия бойынша І тоқсанның білім сапасының 3 жылдық көрсеткішіне тоқталып өтті. Пәндер бойынша 2022-2023 оқу жылының бастапқы бақылау жұмысы мен І тоқсан қорытындысының салыстырмалы нәтижесіне тоқталды. 2-ші мәселе бойынша математика пәнінің мұғалімі Ш.Ж.Болсынбекова оқушылар біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыстарды жүргізудің кезеңдерін атап және олқылықтардың орнын толтыру жұмыстары барысында алған білімі оқушылар зейінінде мықтап қалу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді, ойындарды пайдаланатынына тоқталды. Тарих пәнінің мұғалімі Қ.Ж.Абсеметова оқушылар біліміндегі олқылықтарды анықтап және білімдегі олқылықты жою әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде қалай жүзеге асыратын айтты. 3-ші мәселе бойынша біліктілік курсынан өткен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Т.Сыдықова және тәлімгерлік туралы курстан өткен Ж.К.Баймағанбет курстан үйренген тәжірибелерімен бөлісті.
↗️↗️↗️Педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша гимназия психологы Ш.С.Серікқалиева рефлексия жүргізді.