24
январь
2023
Директор жанындағы кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру
2. Қолданбалы курстардың өту деңгейін бақылау
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша кәсіптік бағдар беру педагогі – Омарова Ботагоз Кадырбековна мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері мен негізгі бағыттарына тоқталып өтті бұдан күтілетін нәтиже: оқушының өзінің табиғи әлеуеті мен танымдық мүмкіндігін танитынын, жеке танымдық қорытынды мен қажеттіліктері негізінде кәсіби бағдарлану жолын анықтайтындығына тоқталды. Сонымен қатар мектептегі бағдарды айқындауға ықпал етуші нысандарды атады. Бірлескен кәсіптік бағдар беру жұмыстанына да тоқталды.Гимназияда өткізілген іс-шаралар мен, кәсіптік бағдар беру бойынша экскурсияларға, ашық есік күндері, кездесулерге тоқталып өтті.
2-ші мәселе бойынша гимназия директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.М.Жұмақсанова, В.Е.Азизова, Р.Ө.Қармысовалар қолданбалы курстар гимназияның вариативтік бөлімін жүзеге асыруды көздейтін бағдарлы оқыту процесінде маңызды орын алатынын және қолданбалы курстар сыныптың бағдарына байланысты берілгендігіне тоқталды. Қорытындылай келе төмендегідей қаулы қабылданды.
1. Тәрбие тұжырымдасының «Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие» бағыты бойынша ата-аналар, оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру сынып жетекшілерге тапсырылсын;
2. «Еңбек елдің мұраты» жобасы аясында бірлескен қызметті жүзеге асыру бірлестік жетекшілеріне, пән мұғалімдерге тапсырылсын;
3. Кәсіптік бағыт-бағдар беру және психологиялық кеңес, түзету жұмыстары кәсіптік бағдар беру педагогі Б.К.Омароваға, педагог-психолог Ш.С.Серікқалиевнаға, Н.М.Қызылбалаеваға тапсырылсын;
4. Кәсіптік бағдар беру, үйлестіру, қадағалау мектептің бұйрығы негізінде (№01-13/34а) құрылған комиссияға тапсырылсын;
5. Қолданбалы қурстардың жүргізілуі қанағаттанарлық деп танылып, қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындықты тереңдетіп жүргізу пән мұғалімдеріне жүктеліп, айтылған ұсыныстар жүзеге асырылып, қадағалау директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына жүктелсін.
6. Қолданбалы және таңдау курстарын жүргізетін педагогтармен кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыру директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Г.М.Жұмақсановаға тапсырылсын.
7. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай кәсіптік бағдар беру жұмысының үйлестіру жоспарын жасап, бекіттіру директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, кәсіптік бағдар беру педагогіне және гимназия психологтарыны тапсырылсын.