07
ноябрь
2022
ЖАНЫНАМА
Ботулизм ауруының алдын-алу
Жылдың күз мезгiлi – консервiленген тамақ өнiмдерiн жаппай дайындау кезеңi. Адамдардың көпшiлiгi өнiмдердi үй жағдайында дайындағанда немесе осындай өнiмдердi көшедегі белгіленбеген орындардан сатып алған кезде, өнiмдердi өңдеу мен консервiлеу тәртiбiнiң сақталмауының қауiптiлiгi туралы ойлана бермейдi. Кiм болса да үй жағдайында консервiлеу кезiнде көкөнiстер мен жемiстердi өңдеу ережелері мен сақтық шараларын сақтамаған жағдайда сапасыз өнiмге тап болатынын естен шығармағаны жөн. Ол жай ғана бүлiну, консервінің қампаюы (бомбаж), көгеру, ашу, қақпағының томпаюы сияқты көзге көрiнетiн бұзылыстар болса жақсы ғой, оларды тағамға қолданбауға, яғни уланудың алдын-алуға болады.
Бiрақ, ботулизм сияқты ауыр және қауiптi тағамнан улану түрі, дәмi өзгермеген әдеттегiдей тағамды қолданғаннан да болуы мүмкiн. Оның алдын-алу үшiн ботулизм деген не, ол қайдан пайда болады және одан қалай сақтану керектiгiн анықтап алайық.
Ботулизм - өте ауыр ауру, көп жағдайда нәтижесi өлiмге әкеп соқтырады. Қоздырғышы ботулинус таяқшалары бөліп шығаратын токсин болып табылады. Бұл микроб табиғатта кең таралған және консервiге шикiзат дұрыс жуылмағанда, топырақ немесе сапасыз су арқылы жұғады. Микроб консервiге тағы мынадай жағдайларда жұғуы мүмкiн: сапасыз шикiзат өңделсе, стерилизациялау тәртiбi сақталмаған кезде немесе дұрыс жуылмаған ыдыс-аяқ пен жабдықтар қолданылған жағдайда. Ботулизмнiң қоздырғыш микробтары - анаэробтар болып табылады (олар тек оттегiсiз ортада өмiр сүре алады). Ал жабық консервiленген банкiлерде оттегi жоқ. Осы жағдайда микробтар уыт (токсин) түзедi. Үй жағдайында жасалған консервiлер көбiнесе сырт келбетiн, иiсiн, дәмiн де өзгертпейдi, сол себептi олардың сапасына деген күмән тумайды (Бiрақ қақпағының томпаюы да өнiм сапасыздығының көрiнiсi болуы мүмкiн).
Ауру көрiнiстерi сапасыз өнiмдi тұтынғаннан кейiн бiрнеше сағатта, ал көбiне 2-3 күннен кейiн біліне бастайды. Бастапқы көрiнiстерi – бас ауыру, ауыздың құрғауы, әлсiздiк. Қызбаның, құсудың, iш өтудiң болмауымен ерекшеленедi. Кейiннен көру қызметiнiң бұзылыстары,зат қосарланып көрiну («көз алдында торлар», «тұман»), кейде қылилану, көздiң қарашықтарының үлкеюi байқалады. Науқастың ауызы құрғап, дауысы қырылдап өзгередi, жұту, дем алуы қиындайды, қан қысымы төмендейдi. Ботулизмнiң алғашқы белгілерінен -ақ тез арада ботулинге қарсы сарысу енгiзу үшiн дәрiгердi немесе жедел жәрдемдi шақыру керек, себебi науқастың тыныс алуының тоқтап қалуы мүмкін.
Алдын - алу шаралары:
Ботулизмнiң негiзгi алдын-алу шаралары қоздырғыштың шикiзатқа түсуiнен сақтауға, дұрыс жылумен өңдеуге (стерилизация), дайын консервiленген өнiмде қоздырғыштың көбеюi мен уыт бөлінуінің алдын алуға бағытталу керек.
Айқын бұзылу белгілері: банкiдегi сұйықтың лайлануы, қақпағының томпаюы, қақпағын ашқан кезде өнiмнiң бетiнiң ақ немесе қара түсті болуы, көгеруі бар консервiлердi тағамға қолдануға болмайды.
Үй жағдайында етті, балықты, саңырауқұлақты герметикалық жабылатын банкаларда консервiлеуге болмайды.
Консервiлеуге арналған ыдыс пен өнiмдердi топырақ пен шаңнан мұқият тазалау керек. Үйде дайындалған консервiлерді төменгі температурада сақтау қажет.
Тұз, қант және қышқылдың рецептіде ұсынылған мөлшерлерiн қолдану керек, өйткені олар токсиннiң жиналмауына әсер етедi.
Үй жағдайында консервiленген өнiмдердi қолданар алдында бөлек ыдысқа салып, 15-20 минут қайнатып, кейiн суытып қолданған жөн. Қайта қайнату кезiнде токсин бұзылады, бұл ботулизмнiң алдын-алудың негiзгi шарасы болып табылады.
Үй жағдайында дайындалған консервiлерді, сондай-ақ көшелер мен базарларда «қолдан» ет және балық өнімдерін сатып алуда сақ болу керек.
Құрметтi, облыс тұрғындары!
Денсаулық – адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, алдын-алу шараларын есте сақтап, денсаулықтарыңызға абай болыңыздар. Ботулизмнiң алғашқы белгілері пайда болғаннан бастап, бірден медициналық көмекке жүгіну керек, себебi тек уақтылы көрсетілген медициналық көмек қана сiздiң денсаулығыңыз бен өмiрiңiздi сақтап қала алады!