Қыс мезгілінде тұмауратқан кісілердің көбейіп кететіні белгілі. Оның алдын алып, сақтана білген жөн. Тұмау – бұл жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) тобына кіретін вирус арқылы туатын жіті ауру. Қазақстанда жыл сайын эпидемиологиялық кезеңде ЖРВИ-мен және тұмаумен 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам ауырады. Тұмауратқан адамдардың саны артқан сайын, тұмаудың асқынуы да өршиді, бұл – заңдылық. Тұмаудың алдын алу мақсатында гимназия дәрігері Раушан Мырзахметқызы барлық ұжымға ақпараттық хабарлама жасады. Сынып жетекшілер kundelik.kz арқылы ата-аналарға ақпарат таратып, оқушылардың денсаулығын сақтаудың алдын алу шараларын ұйымдастырды.