24
декабрь
2021
СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ ТУРАЛЫ АЛТЫ ФАКТ
Әр жыл сайын қыркүйек айының 23-і Дүниежүзілік сүт безі нің қатерлі ісігі туралы хабардар ету күні болып атап өтіледі. Біз сіздер үшін ауруды ерте кезеңдерде анықтауға және асқынулардың алдын алуға көмектесетін 10 фактіні дайындадық.
Қатерлі ісіктің бұл түрі ең көп таралған болып есептеледі. 2020 жылы 2,2 миллионнан астам аталған қатерлі ісік жағдайы тіркелді. Ресми деректертерге сүйенетін болсақ, Қазақстанда сүт безі нің қатерлі ісігі жыл сайын 5 мыңға жуық әйелден анықталады. Егер бұрын осы ауру егде жастағы әйелдерде ғана кездескен болса, қазір ол 30-40 жастағы әйелдерде де анықталып отыр.
1. Сүт безі нің қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтау мүмкін болған жағдайда оны емдеу тиімділігі жоғары болмақ. 40 жасқа дейінгі әйелдерде кездесетін сүт безі нің қатерлі ісігінің алдын алу және ерте диагностикалау үшін жыл сайын маммолог пен УДЗ тексеруінен өту керек. Сүт бездерінің маммографиясы немесе рентгенологиялық зерттеуі 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер арасында 2 жылда 1 рет өткізіледі.
2. Негізгі қауіп факторлары: тұқым қуалаушылық, жас ерекшелігі, семіздік, алкоголь мен темекіні пайдалану, бұрынғы болған радиацияның әсері, науқастың репродуктивті тарихы, мысалы, алғашқы жүктіліктің жасы, постменопаузадан кейінгі гормондық терапия. Егер сіз осы факторларды бақылайтын болсаңыз, аталған қатерлі ісіктің даму қаупін 30%-ға төмендетуге мүмкіндік бар.
3. Көбінесе қатерлі ісіктің бұл түрі ауыртпалықсыз "шар" (конустар), кеудедегі түйіндер, қалыптан тыс аномальдық сұйықтықтың бөлінуі түрінде көрінеді. Мұндай жағдайларда, егер әйел ешқандай ауырсынуды сезінбесе де, омырауда тығыздық не түйін анықталғаннан кейін 1-2 айдан кешіктірмей маммологтың кеңесіне жүгіну қажет.
4. Сүт бездеріндегі пайда болған түйіндер сияқты өзгерістердің 90%-ы қатерлі деп айтуға келмейді. Сүт бездерінің қатерлі емес ауруларының қатарына фибродененомалар мен кисталар, сондай-ақ инфекциялар жатады.