"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Жусанбаева Төлеуғайша Сейсетқызы атындағы зертханалық кабинеті
03
ноябрь
2021

Жусанбаева Төлеуғайша Сейсетқызы атындағы зертханалық кабинеті

Гимназияда 2022 жылдың 3 қараша айында Жусанбаева Төлеуғайша Сейсетқызы атындағы зертханалық кабинеті ашылды. Зертхана ашудағы мақсатымыз: Т.С. Жусанбаеваның көп жылғы жинақталған іс-тәжірибесін, ғылыми еңбектерін, оқыту технологияларын сабақ үдерісінде кеңінен пайдалану. Гимназияда оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беруді қалыптастыру. Иә, осы мақсатқа жету жолында ауқымды жұмыстар атқарудамыз. Сол жұмыстарымыздың нәтижесінде зертхана моделі құрылды. Бүгінгі басты назардағы жұмысымыз – оқушыны функциональды сауаттылыққа қалыптастыра отырып, білім сапасын арттырып, ғылыми ізденіске бағыт-бағдар беру. Ұстаз таразысы – шәкірт білімі, шәкірт тәрбиесінен көрінеді,- дейді Т.С. Жусанбаева.
Жусанбаева Төлеуғайша Сейсетқызы өзі сабақ беріп жүрген сыныптарды әр сәрсенбі және жұма күндері қалалық биологиялық орталықта зертханалық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды өткізіп отырған. Жетістіктері: «Семей қаласының су қорлары және оның тірі ағзаларға әсері» ғылыми жоба. «Ластанған судың құрамындағы қоспаларды анықтау» зерттеу жұмысы. «Семей өңірінде кездесетін және сиреп бара жатқан өсімдіктері» үйірмесінің жетекшісі. «Биология – тірі табиғат туралы ғылым» атты 6 сынып дарынды оқушыларға арналған қосымша құрал шығарған. Адал еңбек, жауапкершілік, ар тазалығы мен біліктілік пен білім, көшбасшылық пен жаңашылдық – бүгінгі таңдағы мұғалім бет-бейнесі. Осындай қасиеттерді бойына жинаған адам ғана өзін ұстаз деп санап, халыққа қызмет ете алады. «Ұстаз талапты болса, шәкірт талантты болады» деген нақыл сөз осыны аңғартады. Төлеуғайша Сейсетқызы өз іс-тәжірибесін тарату кезінде әрқашан ізденіспен еңбек ететін ұстаз екенін көрсетті.
Жусанбаева Төлеуғайша Сейсетқызы атындағы зертханалық кабинеті
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив