03
ноябрь
2022
Гимназиямыздың 30 жылдық мерекесі қарсаңында игілікті іс-шара.
Жусанбаева Төлеуғайша Сейсетқызының шәкірттерінің қолдауымен, қалалық білім бөлімінің ұйғарымымен және тарих пәнінің мұғалімі Мухамедиева Гүльжан Мухаметказиновнаның ұйымдастыруымен №37 гимназиясында 2022 жылдың 3 қараша айында Жусанбаева Төлеуғайша Сейсетқызы атындағы зертханалық кабинеті ашылды.
Зертхана ашудағы мақсатымыз: Т.С.Жусанбаеваның көп жылғы жинақталған іс-тәжірибесін, ғылыми еңбектерін, оқыту технологияларын сабақ үдерісінде кеңінен пайдалану. Гимназияда оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беруді қалыптастыру.






