24
апрель
2025
«Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында» Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 10-сыныптар арасында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі» атты тарихи сағаттар өтті.
Тарихи сағаттар мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың ерлігін дәріптеу, өскелең ұрпақ бойына азаматтық – патриоттық сезімдерін шыңдау.
Тарихи сағат барысында оқушылар Ұлы Отан соғысының негізгі шайқастарында партизан қозғалысы мен тыл майданында ерлік танытқан батырлар туралы жан –жақты сипатталған шығармашылық жұмыстарымен таныстырды.
Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, Ұлы Жеңіске үлес қосқан батырлар ерлігін ұмытпай, үнемі дәріптеп отыру маңыздылығын ерекше атап өтті.