17
ноябрь
2022
Семей қаласының "Ыбырай Алтынсарин атындағы N37 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 "А" сыныбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде 2022-2023 оқу жылының 1 тоқсан қорытындысы, гимназияның ішкі тәртіп ережесі және әртүрлі мәселелер ортаға салынды. Сонымен қатар, ата-аналармен гимназия психологы Шынар Серікқалиқызы әңгімелесу өткізді. Математика пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Мүбаракқызы пән бойынша білім сапасын көтеру мақсатында аталған пән бойынша олқылықтардың орнын толтырудың әдіс-тәсілдері жайлы ойымен бөлісті. Барлық ата - аналар өз сұрақтарына жауаптарын алып, жиналыс соңында кері байланыс ретінде қағаз бетіне алған әсерлері туралы лебіздерін қалдырды.
Сынып жетекшісі: Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна
Сынып жетекшісі: Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна
