Бүгін яғни, 29.09.2022ж 6 “Г” сыныбында мәдениет секторлары Нұрай мен Еркеназдың басшылығымен "Мұғалім - киелі мамандық" атты бірыңғай сынып сағаты өтті.
Қонаққа сынып жетекшілері Гульнара Бериккановна мен жаратылыстану пәнінің мұғалімі Альмира Кокешевна шақырылды. Оқушылар құттықтау тілектерін айтып, өлеңдерін оқып, ойындарын ойнатып, сынып сағатын жоғары деңгейде өткізе отырып, ұстазға деген ілтипаттарын көрсетті.