29
сентябрь
2022
"Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі"
-, деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай бүгін 4 "Г" сынып оқушылары өздерінің сүйікті сынып жетекшісі Сандуғаш Кеңесбекқызын, пән мұғалімдері Дюсембекова Гюзель, Гүлнат Бейсембекқызын мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті. Тәрбие сағатын оқушылар Серікқазы Інжу мен Қасымбекова Айзере өткізді. Оқушылар ұстаздарға сұрақтар қойып, өлеңдерін, әндерін, жүректерінен шыққан тілектерін арнап жағымды көңіл-күй сыйлады.

