02
декабрь
2024
Бүгінде әрбір ата-ана баласын заманға сай жан-жақты, өнерлі етіп өсіргісі келеді.
Сол себепті кішкене күнінен түрлі қосымша үйірмеге қатыстырады. Оған қатысу арқылы бала белгілі бір өнерді үйреніп, білімді меңгеріп қана қоймай, қоғаммен араласады. Қатарластары арасында өзіне деген сенімділігі артады. Айта берсек, үйірменің балаға берері көп-ақ. Жас жеткіншектің интеллектуалды дамып, кәсіби бағдарлануына да мектептен тыс білім беру жүйесінің тигізер үлесі ерекше.
Біздің гимназиямызда жас ұрпақтың білімін жетілдіріп, өнер мен спортқа баулитын үйірмелер жетерлік.
Мектебімізде 30 дан астам үйірме жұмыс істейді. Олар гуманитарлық, көркем шығармашылық, ғылыми-техникалық, спорттық, эко-биологиялық, музыкалық, тарихи өлкетану бағыттарын қамтиды. Шәкірттер үздіксіз әртүрлі байқауларға қатыстырылып, жеңіс төрінен көрінуде.
Себебі бұл үйірмелер – білімқұмар шәкірттердің алдағы уақыттағы бағындырар белесіне апарар даңғыл жолдың бірі.
16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай “Дос болайық” бағдарламасы аясында гимназияішілік үйірмелердің 2-13 желтоқсан аралығында шығармашылық шеберлік сағаттары басталды.