21
декабрь
2022
Мектеп үйірмелері мен секциялары шақырады «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында» үйірмелер мен клубтар, спорт секцияларына қатысу оқу үдерісінің маңызды бір бөлігі болып табылады.
Үйірмелер оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, жас зияткерлерге шығармашылық қабілетін дамытуға, өз мүмкіндіктерін шыңдауға, талантын тануға, қызықты жобаларға атсалысуға көмектеседі.
Бүгінгі таңда мектепте 20-дан аса үйірме, секциялар мен клубтар жұмыс істейді. Қосымша білім беру саласының мамандары балаларды сурет салуға, билеуге, ән салуға, киім тігуге, саз балшықтан мүсін жасауға баулиды. Спортпен әуестенетін оқушыларды мектеп спорт залдары шақырады. Жас спортшыларға волейбол, баскетбол, теннис, футбол сециялары ұсынылады.
Үйірмеге қатысушылар қалалық, республикалық, халықаралық конкурстар мен байқауларға, фестивальдарға белсене қатысады. Мектептің бишілер «Балауса» тобы көптеген республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.
Сонымен қатар « Сыр мен Сымбат» қыздар клубы облыстық байқаулардың жүлдегері және Аубакирова Р.М. жетекшілік ететін “Өнерге қанат қаққандар” вокал үйірмесінің мүшелері Халықаралық бас жүлде иегерлері атанып отыр.
Үйірмелердің көбі оқушылар арасында ерекше сұранысқа ие. Осындай танымал бірлестіктер қатарына «Қолөнер» үйірмесін жатқызуға болады. Жетекшілері көмегімен үйірмеге қатысушы оқушылар жыл сайын бұйымдардың үлкен көрмесін өткізеді.
Жаңа оқу жылында мектептің қосымша білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылатын үйірмелер мен клубтар, спорт секцияларының оқушыларға берері көп, ал талай дарынды баланың өз талантымен көпті тамсандыратыны сөзсіз екеніне мектеп толық сенеді.
#қосымшабілімберу