16
март
2023
"Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт“ жобасы аясында ағылшын тілі пәні бірлестігі Момбек Әбдіәкімұлының “Сүлеймен қарақшы” шығармасын талқылады.
Кітаптағы басты кейіпкер - Сүлеймен өмірде нақты болған адам. Ол халық ұғымындағы сүйкімсіз атаy - қарақшы деген лақапты өз атына әлдебір себептермен iлiктiрiп алғаны болмаса, оның барлық іс-қимылдары, ой-әрекеттері - ел мен жұрттың жоғын жоқтаудан, кедейге жақ, сараңға өш, зорлықшыға қас, басбұзарға қарсы күресуден тұрады. Өмір бойы жан тыныштығын таппаған ол, 1917 жылы үкімет басына келген қызылдармен де, олармен шайқасқан тау басшыларымен де алысқа түскен. Өзін Құдайдан басқаның бәрінен азатпын деп ұғынған Сүлеймен ғұмыры өте күрделі болған. Шығарма сол күрделі ғұмырды қызықты һәм тартымды тілмен баян етеді. Кітап барша оқырманға арналады.
