16
февраль
2023
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында гимназияішілік жоспарға сәйкес “1000 кітапты” насихаттау, кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатында
8 -сыныптар арасында халық қаһарманы Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” кітабы бойынша “Флеш библио” (кітапты жарнамалау) өтті. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен әр сыныптан шығармашылық топ құрылып, оқушылар шығарма желісі бойынша қойылым қойып, мәнерлеп оқу, презентация, сұрақ-жауап түрінде кітап мазмұнын жоғары дәрежеде аша білді. Ұлттық, отбасылық құндылықтарды оқушылар бойына сіңіре білуде сынып жетекшілердің пән мұғалімдерімен, кітапханамен байланысы ерекше екені байқалды. Оқырманға ой салар шығармаларды насихаттау жұмысы әлі де жалғасын табады
ссылка
