22
апрель
2025
18-сәуір күні Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназияда “Өзбекәлі және Мәдени майдан” атты 4-10 сыныптар арасында кітап оқу сайысы өтті. Сайысқа барлығы 20 оқушы қатысты.
Сайыс 3 кезеңді қамтыды.
1-кезеңде тест тапсырса,
2-кезеңде оқушылар билет таңдап алды. Яғни, сұрақ-жауап форматында болды.
Өзбекәлі атамыздың мәдени майданына қанық болған оқушылар әбден рухтанып алған екен. “Ғани Мұратбаев феномені”, “Қыздарға қорған табылды”, “Театрмен тәрбиелеу”, “Наурыздың қайта оралуы” деген тақырыптарды, кітап ішінен ұнаған ерекше тақырыптарымыз” деп тамсана айтып берді.
Әр кезеңнен іріктеліп, оза шапқан 9 оқушы 3-кезеңде, финалда бақ сынасты. Сайыс нәтижесінде:
*Бас жүлде* - Серікқазы Інжу (6-сынып) - 40.000 тг.
*1-орын* - Әділ Нұрбол (8 “В”) - 30.000 тг.
*2-орын* - Төлегенұлы Алдияр (7 “Б”) - 20.000 тг.
*3-орын* - Әділ Сая (4 “Г”) - 10.000 тг. ұтып алды.
Сайысқа 6 “А” сыныбының ата-анасы Арман Жақсылықұлы мен Жанар Бөкенқызы қаржылық жағынан демеуші болды.
Сайыстың тағы бір ерекшелігі - әділқазылар алқасының құрамы болды.
«Шығыс даналығы» сериясымен шыққан «Құстар мәжілісі», «Піл туралы талас», «Қабуснама», «Мың сұрақ» және «Махабаттың мәні», «Мамандықтың мәні», «Экософия» сияқты кітаптардың авторы, филолог Сәкен Нұрқабекұлы және Павлодар қаласынан келген кәсіпкер, “Отбасы хрестоматиясына» қаржылық жағынан көп үлес қосып жүрген Нүптеке Нұрман Батталғазыұлы мен кәсіпкер Жайлауұлы Нұрбол төрелік етушілердің құрамында болды.
Сайыстың өтуіне ең бастысы, көп септігін тигізген қаламыздағы “Асық” әдеби-мәдени клубтың жас қыз-жігіттері болды.
Барша атсалысқан жандарға Алғысымыз шексіз!
ссылка 11-кезеңде тест тапсырса,