26
январь
2024
25.01.2024 күні Жаспанов Жармаш Қуандықұлы атындағы «Математика және қаржылық сауаттылық» кабинетінің жоспарына сәйкес 9-сынып оқушыларымен Жаспанов Ж.Қ. атындағы «Білім бәйгесі» зияткерлік сайысы (1-ағынмен) өтті.
Мақсаты: Гимназияның ардақты ұстазы болған Ж.Қ.Жаспановтың өмір жолын дәріптеу және оқушылардың білімін шыңдау. Сайысқа 10 оқушы қатысып, жоғары ұпай алған екі оқушы 9«В» сынып оқушысы Жұмағалиев Әділ және 9 «Г» сынып оқушысы Рымтай Әділет финалға жолдама алды. Сайыс енді 2,3-ағындағы оқушылармен өтеді. Әр ағыннан жоғары ұпай жинаған 2 оқушы, жиыны 6 оқушы Финалда математика пәні бойынша білімдерімен сайысып, «Білім бәйгесі» зияткерлік сайысының Жеңімпазы анықталады.
Ұйымдастырушылар: математика пәні мұғалімдері Мусина Г.В. Болсынбекова Ш.Ж. Маукенова А.Т.
ссылка1Ұйымдастырушылар: математика пәні мұғалімдері Мусина Г.В. Болсынбекова Ш.Ж. Маукенова А.Т.
