13
январь
2025
Бүгін гимназия дәстүріне сәйкес республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалінде” 3-орынды иеленген гимназия директоры Жанат Зейнелеваны қызыл кілеммен қарсы алдық. Бұл ерекше сәт гимназия ұжымы үшін үлкен мақтаныш пен шабыттың көрінісі болды.
Гимназия дәстүрі бойынша қызыл кілеммен қарсы алу рәсімі тек жеңімпазды ұлықтап қана қоймай, өзгелерді де үлкен жетістіктерге ұмтылуға шабыттандырады. Бұл дәстүр ұжым ішінде бірлік пен ынтымақты нығайтып, ортақ жетістікке сенімді түрде қадам басуға серпін береді.
Жанат Зейнелеваны осы айрықша жетістігімен тағы да құттықтай отырып, оның қажырлы еңбегі мен жаңашыл бастамалары гимназиямызды жаңа биіктерге жетелейтініне сенеміз. Алдағы уақытта гимназия ұжымы ретінде осындай жеңісті сәттеріміз көбейе берсін деп тілейміз!
Жеңістеріміз көп болсын, шабытымыз шексіз болсын!
ссылка 1Жанат Зейнелеваны осы айрықша жетістігімен тағы да құттықтай отырып, оның қажырлы еңбегі мен жаңашыл бастамалары гимназиямызды жаңа биіктерге жетелейтініне сенеміз. Алдағы уақытта гимназия ұжымы ретінде осындай жеңісті сәттеріміз көбейе берсін деп тілейміз!
Жеңістеріміз көп болсын, шабытымыз шексіз болсын!
